Жаңалықтар

АЭФ өндіріске роботты енгізу мәселесі талқыланады

Сейсенбі, 15 Мамыр 2018 09:29

Таяу арада өндірісте роботтар көбейіп, адам істейтін жұмыс автоматтандырылады. Осы кезде жұмыссыздық мәселесі туындауы мүмкін бе? Роботтандыру адамзатты қайда жетелейді? Бұл өркендеуге апара ма? Әлде ағымдағы жағдайды тек күрделендіре түсе ме? Осы тақырып Астаналық экономикалық форумының бір панелдің сессиясына арқау болмақ.

Бүкіл әлем қызығушылық танытып, асыға күтіп отырған бұл шараның құрметті меймандарының бірі – Евгений Кузнецов. Бүгінгі таңда Ресейдегі сингулярлық университетінің елшісі болып жүрген Евгений Кузнецов жаһандық күн тәртібіне қатысты өзекті мәселелерді зерттейді.

Аталмыш шарада ұзақ ғұмыр сүру, ғарыш кеңістігін игеру, жасанды зерде және БИГ ДЭЙТА-ға (Big Data) байланысты өз идеяларымен бөліспек.

Естеріңізге сала кетейін, Астаналық экономикалық форумы мамырдың 17-сі басталады.

RSS арнасына жазылу