ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

«Өмір жолы»

«Өмір жолы»

«Өмір жолы» тележобасында Алаш ардақтылары Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев секілді танымал тұлғалардың өмірі, тұрмыста көрген тауқыметтері, шығармашылығы қамтылады.

Басты ерекшелігі – танымал тұлғалардың өмір үзінділері кәсіби актерлердің ойнауымен түсіріліп, көрермендердің қызығушылығын оятуға әрі олардың атқарған еңбектерін кеңінен насихаттауға септігін тигізуі. Сондай-ақ ХIX-XX ғасырларда өмір сүрген танымал әншілер Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырайдың т.б тұлғалардың шығармашылығы, ән-өлеңдерінің шығу тарихы, шығуына себеп болған жағдаяттар сөз болады. Одан өзге XX ғасырда басында өмір сүрген жазушылардың, журналистердің, халық ағатушыларының өмір жолы да бағдарламада қамту көзделген.