07:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Орталық «Хабар»

«Орталық «Хабар»

Бағдарламада ел назарындағы ең басты оқиғалар талқыланады. 

«Орталық «Хабар» студиясында талқыға түсетін тақырыптар - газет, эфир немесе ғаламторда жарияланған кез келген ақпарат.

Ең бастысы, сол ақпараттың бағдарлама қатысушыларына ғана емес, көрермендерге де қызықты болуы. Шығармашылық топ тек қызықты, жедел әрі біздің өмірімізге әсері болатын жайттерді көрсетуді ұйғарды.   

Оған қоса шығармашылық топ бағдарлама шығаруда қалыптасқан қатаң тіпті қасаң тәртіпті ескеруден бас тартты. Бұл белгілі бір қалыпқа сыймайтын, стандартты емес және көп жанрлық бағдарлама болмақ. Сақталатын басты талап біреу ғана - өзекті, қызықты және шынайы дүниелер ғана эфирге шығарылады.

Студия қонақтары - белгілі және біртуар тұлғалар. Біз олармен бірге әлемдік саясат пен экономика, мәдениет пен өнер, шоу-бизнес, білім, ғылым сияқты түрлі салалардағы жаңалықтармен таныс боламыз. Және тек қана «Орталық «Хабарда» баспасөз үшін ұдайы қолжетімсіз болып келген жайттар айтылады.

Мәселен, бұрынғы министрлер немен шұғылданып жүр? Бұрынғы чемпиондардың күнкөрісі қай деңгейде? Неліктен кейбір фильмдер кинотеатрларда бірінші көрсетілімнен кейін іле-шала экраннан ғайып болды?        

Сондай-ақ сіздер осы хабарда жасалатын қызықты сынақтардың нәтижесіне көз жеткізе аласыздар. Мысалы, қымыз ішсең масайып қалуың мүмкін деген рас па? Шындығында кола сусыны азық-түлікті ерітіп жібере ала ма? Үш күн ішінде ағзаға ешбір зиянын келтірмей арықтауға бола ма? 

Сіздер ғаламтор желісіндегі озық дүниені, жаһандағы оқиғалар, театр қойылымдарының кестесі мен кино әлеміндегі тың жаңалықтарды көріп, біле аласыздар.  

Эфир уақыты: Жұма, 19.00-де

 Жүргізуші:  Сырым Қашқабаев

Продюсер: Әсел Тұрсынғазина

Қоюшы режиссер: Ернат Бапанов

Атқарушы продюсер: Әділбек Құламан

Редактор: Динара Нұрахметова, Айдар Ұлықпан

Администратор: Нұршаш Бақыт

Байланыс: +7(7172) 55-35-11, +7(7172) 55-37-25

 

Бағдарламаның толық нұсқасы осында