Хабар телеарнасы

Сатып алу ережелері жеңілдейді

Отандық өндірушілер мен Қазақстандық қамту үлесін арттыру үшін ерекше тәртіппен реттелетін сатып алуларға түзетулер енгізілді.

Енді мемлекеттік және ұлттық компаниялардың сатып алу ережелерінде жеңілдіктер пайда болмақ. Олар 30% міндетті аванстық төлем, қамтудың барлық түрлерінен босату, келісімшарттар орындалмай қалған кезде салынатын 10% айыппұлдар мен өсімпұл мөлшерін 3%-ке дейін төмендету сияқты шараларды көздейді.

Сондай-ақ квазисектордағы сатып алулар бағытында отандық өнім берушілерге бір көзден офтейк-контрактілер жасау тәсілі пысықталуда. Ол Мәжілісте қаралып жатқан Мемлекеттік сатып алу заңы аясында талқыланып жатыр.  

Мейрамбек Таңжарықов, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алулар және әдістеме басқармасының басшысы:
- Үкімет өзінің қаулысымен жекелеген тауарларды ұлттық режимнен алып қойып, ол тауарларды сатып алуға тек қана отандық өнім берушілер қатысатын болады. Тағы да бір айта кететіні бүгінгі таңда Парламент Мәжілісінде қаралып жатқан мемлекеттік сатып алу заң жобасымен жекелеген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тек қана шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алу міндеттемесі қаралған. Яғни тауарлар мен қызметтер тек отандық өнім берушілерден сатып алынатын болады.