Хабар телеарнасы

Дариға Назарбаева Сенат депутаттары атынан ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

«Алматы облысында ұшақтың құлағаны туралы хабарды естіп, қайғыға ортақтасатынымызды жеткіземіз. Қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Сіздердің қайғыларыңыз бәрімізге де ортақ. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз», – деді Дариға Назарбаева.