Хабар телеарнасы

Ұшақ апатынан зардап шеккен 46 адам ауруханада ем қабылдап жатыр

Осылайша қазіргі уақытта клиникаларда 46 адам жатыр, оның 9-ы – бала. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті. Оның айтуынша, балалардың жағдайы тұрақты, науқастар жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Олардың денсаулығына еш қауіп жоқ. Ал ересектерден жағдайы ауыр науқастар бар. Қалалық №4 аурухананың жансақтау бөлімінде 7 адам жатыр. Тағы екеуі Алматы облысының клиникалық ауруханасында ем қабылдауда.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- 9 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Жетеуі №1 қалалық ауруханада, екеуі Алматы облыстық ауруханасында жатыр. 9 науқастың жағдайы күрделі. Біреуінің жағдайы өте ауыр.