Хабар телеарнасы

Канада премьер-министрі: Ұшақты Иранның зымыраны атып түсірген

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо осылай деп мәлімдеді. Ол ұшақ жер-ауа санатындағы зымыранмен атып түсірілгенін растайтын мәліметтер барын айтты. «Лайнерге зымыран абайсызда тиген» деген болжам бар.

Джастин Трюдо, Канада премьер-министрі:

- Қолда бар мәліметтерге қарағанда, ұшақ Иранның зымыранымен атып түсірілген. Айғақтар жер-ауа санатына жататын зымыран қолданылғанын көрсетеді.