Хабар телеарнасы

Бас прокуратура әлеуметтік желілерде абай болуға шақырды әлеуметтік желілерде абай болуға шақырды

Осыған байланысты Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев қазақстандықтарға үндеу жолдады. Анықталған кей жарияланымдарда өзге өңірлер мен елдегі ұлтаралық тұрақтылыққа қауіп төндіретіндер жүйелі түрде тіркелген. Қазір құқық қорғау органдары осындай арандатушы жарияланым авторларының жеке басын анықтады. Олар қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Болат Дембаев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабында ұлтаралық келісімді бұзатын кез келген іс-әрекеттерге тыйым салады. Осы талапты бұзу ұлттық араздықты және алауыздықты қоздыру жөніндегі қасақана іс-әрекеттер (ҚК-тің 174-бабы), жаппай тәртiпсiздiкке не азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру (ҚК-тің 272-бабы) және көрінеу жалған ақпарат тарату (ҚК-тің 274-бабы) қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Осыған байланысты азаматтарды шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға және арандатушылыққа берілмеуге шақырамын.