Хабар телеарнасы

ШҚО-да 9 ауыл газдан ажыратылды

Зайсан қаласынан шыға берісте жер астынан өтетін желіден газ бөлініп жатқандығы анықталған. Мұндай жағдайдың болуына құбыр үстімен ауыр техникалардың өтуі себеп болуы мүмкін деген болжам айтылып отыр. Қазір көгілдір отынды тарату уақытша тоқтатылып, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жоспар бойынша бүгін кешке дейін құбыр қалыпқа келтірілуі керек. Қазір газ құбырына қосылған 1700-ден астам үй көгілдір отынсыз отыр.

Серік Тілемісов, Зайсан ауданы әкімінің орынбасары:
-Осы елді мекендерде газ құбырлары болмаған кезде қатты отынмен жағатын пеш қазандықтары бар . Яғни альтернативті жылу беру жүйелерімен қамтамасыз етілген. Негізінен Зайсан ауданында қазір күндізгі уақытта 10 градус жылы температура жұмыстарды тез уақытта аяқтауға барлық күштерін салуда.