Хабар телеарнасы

Ақселеу Сейдімбектің туғанына — 80 жыл

Құндылығын тү­ген­деді. «Күй шежіре», «Көшпелілер тари­хы», «Қазақ әлемі» және тағы басқа еңбектері осыған дәлел. «Асқар тау алыстаған сайын зорая түседі». Қаламгерді жоқтаған, оның өнегелі өмірін айтқан адамдар кү өткен сайын көбейіп келеді.

Ақселеу Сейдімбектің шығармашылығына арналған халықаралық конференция өтті. Әдебиеттанудағы жаңа бағыттар, Ақселеу Сейдімбек қалдырған мол мұраны насихаттау - жиынның басты мақсаты. Белгілі этнограф-жазушының еңбектерін талқылауға Түркия, Ресей, Өзбекстаннан қоғам қайраткерлері елге арнайы келген. Сондай-ақ жазушы өмірі мен шығармашылығына арналған фильм көрсетілді. 

Серікзат Дүйсенғазы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ кафедра меңгерушісі:
-Ақселеу ағамыз жайында көп нәрсе айтуға болады. Ақселеу ағамыздың сіңірген еңбегі, ол кісінің ғылымда жасаған дүниесінен бөлек, мысалы, күй өнеріне байланысты қазақтың ауызша тарихына байланысты ол кісінің жазған үлкен том-том еңбектері бар.