Хабар телеарнасы

Мамыр айында Қазақстан аусылдан таза ел мәртебесіне ие болады

Кейін оның ошағы залалсыздандырылды. Сондай-ақ сақтық үшін бірнеше өңірде аусылға қарсы екпе жұмыстары жүргізілді. Биыл бұл вакцинациялау шарасы бүкіл ел аумағы бойынша жасалады. Осы алдын алу амалына сәйкес мамыр айында аурудан ресми түрде айығамыз деп күтіліп отыр. Жалпы қазірдің өзінде аусылға шалдығу деректері анықталып жатқан жоқ. Енді Халықаралық эпизотикалық бюро өкілдері келіп, осыны растауы керек. Сонда ет экспорттауда қиындықтар туындамайды. Айта кетейік осы және өзгеде қауіпті аурулар бойынша екпе жұмыстары толықтай тегін жүргізіледі.

Асқар Жақыпбаев, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы: 
- Барлық аурудан вакцинасын алып қойғанбыз. Қазір вакцинаны әкімшіліктер алып екпе жұмыстарын бастап жатыр. Бұл жалғыз аусыл емес 23 ауру бойынша. Осы қыс айларында мал қорада тұрғанында екпе жасау жұмыстары аяқалады.