Хабар телеарнасы

Қостанайда субсидия қаржысын жымқырды деген күдікпен ұйымдасқан топ ұсталды

Қостанайда субсидия ретінде бөлінген 500 млн тенгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен ұйымдасқан топ ұсталды. Олардың қылмыстық әрекетін прокуратура әшкерледі. 2022 жылдан бері күдіктілер өңдеу зауытына мал етін өткізгендей болып, жалған құжат толтырып, субсидия алып келген. Түскен ақшаны өзара бөлісіп отырған. Бастапқы мәлімет бойынша қылмыстық топ құрамында оннан астам адам болған. Сот санкциясымен әзірге олардың ұйымдастырушысы мен екі сыбайласы қамауға алынды. Қалғандарына қатысты бұлтартпау шарасын қолдану қарастырылып жатыр. 

Жандос Кенжебаев, облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы: 
- Қылмыстық топты зауыттың басшысы басқаруында құрылған.Оның құрамына зауыттың өкілетті қызметкерлері, шаруа қожалықтарының басшысы, ол шаруа қожалықтары тек Қостанай облысы емес, бүкіл Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан шаруа қожалықтары қатысқан. Онымен қоса мемлекеттік органдардың қызметкерлері бар ішінде.