Хабар телеарнасы

Қостанай облысында егіс алқабын киік пен шегіртке отап жатыр

Зиянкестер мен дала жануарлары қазіргі кезде Қамысты ауданын жайлай бастады. Ақбөкендер сол жақтағы егіндік жерлердің біраз бөлігін жайпап өткен. Шегіртке де биыл шаруларды титықтатып болды. 

Соңғы мәлімет бойынша, өңірде 500 гектар егістік жерді жәндіктер жайлаған. Олар осы мәселелерді Мәжіліс депутаттарының алдында көтеріп, Үкіметтен көмек сұрады. Халық қалаулыларының айтуынша, шегірткенің жаппай таралуының алдын-алуға болар еді. 

Айдарбек Қожаназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
- Мен Науырзым ауданының Буревестник шаруашылығында болдым. Онда шегіртке шамамен 50 мың га құртып кеткен. Зиянкестер қазір қара құрым. Осының бәрі ауыл шаруашылығы министрлігі мен тікелей аумақтық органдардың сапасыз жұмысынан деп білем. Бас кезінде таралуына қалай жол берген. Алдын алу шаралары сәуір, мамыр айларында ошақтары көрінген сәттен басталуы керек еді.