Хабар телеарнасы

Шымкентте бақша дақылдарынан 150 адам уланды

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жүгінген ересектер мен жасөспірімдер түрлі ішек инфекциясына шалдыққан. Дәрігерлер: «Шіліңгір шілдеде саудасы қызған қауын мен қарбыздан улану жағдайлары әлі де көбеюі мүмкін»,-дейді. Бірақ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, бақша дақылдарында нитрат мөлшері талапқа сай. Мониторингтік топ сауда орындары мен базар сөрелеріндегі 2 мыңнан астам өнімге зертханалық талдау жүргізіп, осындай қорытынды жасаған. Тек тағамның сапасы мен оны сақтау ережесіне жіті мән беру керектігін айтады. 

Баян Рыстаева, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі: 
- Жалпы науқастардың жартысынан көбісі осы бақша өнімдері мен ерте піскен қарбыз өнімдерінен улану болып жатыр көбінесе. Күннің күрт 44-45 градусқа ысуына байланысты бұл аурулар көбейеді деп айта аламыз.