Хабар телеарнасы

Алматыдағы ескі ағаштарды кесу жұмыстары қалай жүріп жатыр?

Сырты жасыл, өзегі шіріген: Алматы әкімдігі апатты ағаштарды тексеру және кесу мәселесін түсіндірді. Қалада 4 миллионнан астам ағаш өседі. Оның 84 мыңнан астамы апатты. Өзегі қураған ағаштардың 35 мыңы көше бойында, 49 мыңы аулада. Өткен жылы апатты ағаштарды кесудің бес жылдық жоспары бекітілді. Былтыр 6 мың апатты ағаш кесіліп, орнына 68 мың көшет отырғызылды.