Хабар телеарнасы

Шымкентте жылу бағасы қымбаттауы мүмкін

Шымкентте жылу бағасы 13,63% қымбаттауы мүмкін. Себебі жылу энерго орталығы, Табиғи монополияларды реттеу департаментінен тариф саясатын қайта қарауды сұрап отыр. Оған басты себеп - биыл шикізат көзі саналатын газ бағасы 9,5%-ке шарықтаған. Сондай-ақ орталықты жөндеуге бағытталған жоба аясында инвестициялық шығындар 55 млн теңгеге артқан. Кәсіпорындағы жұмысшылардың орташа жалақысы - 114 мың теңгені құрайды. Орталық қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру де осы тарифті өсіру арқылы шешілмек. Тамыз айының соңына дейін монополияға қарсы департамент ұсынысты зерделеп, тариф саясатына қатысты нақты қорытынды жасайды.

Дархан Қайынбердиев, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департамент басшысы: 
- Ол қазір біздің департаментпен қаралып жатыр. Кеше ғана біз өңірлік комиссия мамандарын шақырып, талқыладық. Бұл жерде 1 жылдық болып саналған. Бірақ өздеріңіз де білесіздер, жылдың 7 айы өтіп кетті. Сол себептен екі есе сұрап жатқандарынан төмендейтін шығар тариф.