Хабар телеарнасы

Шымкенттегі Испиджаб шаһарына туристік бағыт ашылды

Шымкент аумағындағы көне Испиджаб шаһарына туристік бағыт ашылды. Ескі қалашық тылсым сыр мен зерттелмеген археологиялық орындарға бай. Тұрғындар әлі де үй іргесінен саз балшықтан жасалған көзе, құмыралар, қоладан жасалған ыдыстар мен байырғы қол диірменін тауып, музей қорына өткізіп жатыр. Сайрам тарихы, археологиясы және этнографиясы бөлімінде 9 мыңға жуық экспонат бар. 

Әлия Ағымысова, Сайрам тарихы, археологиясы және этнографиясы бөлімінің меңгерушісі:
- «Сайрам сансыз бабтар мекені», — дейді. Бұл жерде көп тарихи орындар, ескерткіштер бар. Сол үшін келеді. Сонымен танысу үшін келеді шетелден туристеріміз.

Махлия Жұмантаева, студент:
- Ата-бабаларымыз бізге дейін қалдырған дүниелерін көре алдым. Әртүрлі құмыралар, қандай аспаптар қолданғанын, қандай ыдыстармен тамақтанғанын, қазақ пен түрік елдерінің дәстүрлерін көре алдым. Өте керемет әсер алдым деп айта аламын.