Хабар телеарнасы

СҚО-дағы мектептерде өрт қауіпсіздігі сақталмайды

Төтенше жағдайлар қызметкерлері бірінші жартыжылдықта 418 оқу ордасын тексерген. Нәтижесінде бірде-бір мектеп талапқа сай болмай шыққан. Білім беру ұйымдарында бас-аяғы 4 мыңға жуық кемшілік анықталды.

Ол дабыл беру жүйесінің істемеуі, эвакуациялық жолдардың болмауы және электр қондырғылардың ретсіз пайдалануы. Бір қызығы мектеп директорлары бұл ақауларды жоюға асықпайды. Бүгінгі таңда 40 мектепке қатысты әкімшілік хаттама толытырлып, айыппұл салынды. Енді оларға жаңа оқу жылына дейін уақыт беріледі. 

Данияр Қалелов, облыстық ТЖД басқармасының бас маманы: 
- Сотқа ұйғарымды орындамаған 39 мектепке қатысты материал жолданды. Оның қорытындысы бойынша 10 млн теңгеден аса айыппұл салынды. Ал 13 мектеп анықталған кемшіліктерді жою үшін бір айға жабылды.