Хабар телеарнасы

ШҚО-дағы шахта апаты: кенші құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы Ертіс кенішінде үйінді астында қалған екі жұмысшының бірі әлі шахтадан шығарылған жоқ. Операция жалғасып жатыр. Таңғы сағат 4-те шахтада жер опырылып, екі кеншіні басып қалған. Бірі жер бетіне шығып үлгерген. Ал екінші маман үйінді астында 7-8 сағат жатып қалған. Құтқару отряды онымен радиостанция арқылы байланысып, жедел әрекет еткен. Бірнеше сағат дегенде үйінді астынан қазып алған. Алайда жұмысшының аяғы темірге қысылып қалған екен. Оны темірден ажырып алу қиын болып жатыр. Ең бастысы кенші аман. Қазір апаттың себеп-салдары анықталып жатыр.

Ермек Дүзкенов, корпоративтік байланыстар департаментінің менеджері:
-Бірнеше сағат көлемінде ғой, бірінші жердің астына түсу керек, ондағы жағдайды бағалау керек. Өйткені бірінші кезекте адам өмірі ғой, ең құндылық адам зардап шекпейтіндей құтқару керек, сондықтан шамалы уақыт керек болды.