Хабар телеарнасы

Қарағандыда бірегей операция жасалды

Қарағандылық дәрігерлер жақ сүйегі ісіп, ауыр індетке шалдыққан бойжеткенге бірегей операция жасап, аман алып қалды. Отаның күрделі болғаны соншалық, іскен жақтың төменгі бөлігінің тең жартысын алып тастауға тура келген. Ал оны қалпына келтіру үшін, аяқ сүйегінің бір бөлігі мен тамырлары пайдаланылған. Облыста мұндай операция, алғаш рет жасалып отыр. Бұл отаны жасауға Ресей мамандары көмекке шақырылған. Камилаға шетелге квота бөлінбепті. Қазір 25 жастағы бойжеткен ауруханадан шығуға дайындалып жатыр. 

Камила Қожантаева, науқас:
-Басында мен тісім ауырып жүр деп ойлағам. Сосын тіс дәрігеріне бардым. Кейін рентген жасаған кезде ісік бары анықталды. Мұнан соң мамандарға қаралып, отаға дайындалдым. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Енді біртіндеп қалыпқа келу керек.

Нұрқаси Абатов, хирург:
- Шетелдік мамандарды шақырдық. Үш саланың маманы келді. Жақ сүйек хирургы, пластикалық хирург келді, микро хирург келді. Сосын тіс салатын хирургтар. Біздің дәрігерлер де қатысты. Бұл отаны негізгі ойымыз алда өзіміз жасау, өйткені қашанғы шетке шығара береді? Бізде де осындай мамандар өсті.