Хабар телеарнасы

Павлодар облысында тұмауға қарсы иммундау науқаны жүріп жатыр

Өткен айда 88 мыңнан астам адамға вакцина салынды. Олардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер мен медицина қызметкерлері. Вакциналау маусымын кідіріссіз өткізу мақсатында емдеу мекемелеріне 90 мың доза препарат берілді. Дәрігерлердің айтуынша, вирустық инфекцияларды жұқтыру артып барады. Осыған байланысты қыркүйек айынан бері 400-ден астам адам ауруханаға жатқызылып, ем қабылдаған. 

Батырбек Әлиев, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
-Облыста вирустық инфекцияны 77 мың адам жұқтырған. Олардың дені 14 жасқа толмаған балалар. Коронавирусқа шалдыққандар да бар. Өткен айда ауру жұқтырудың 15 дерегі зертханалық түрде расталды.