Хабар телеарнасы

Ойыл ауданына кезекті гуманитарлық көмек жетті

Әскери әуе күштерінің ұшқыштары Ақтөбе облысының Ойыл ауданына кезекті гуманитарлық көмекті жеткізді. Құрамында азық-түлік, жеміс-жидек және өзге де қажетті заттар бар.

Қарғын су басқан Берсиев ауылының тұрғындары да осы әскери қызметшілердің көмегімен аудан орталығына эвакуацияланған. Олар мұндағы колледж және спорт кешеніне орналастырылды. Тек бір нысанда 100-ден астам адам бар. Бүгіннің өзінде мұнда 2 тоннаға жуық жүк жеткізілді. 

Талғат Күлжанов, Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институтының маманы: 
- 28-нен бастап 150-ден астам ұшулар өтті. 1100-ден астам адам эвакуацияланды және 19 тоннадан астам гуманитарлық көмек бүкіл ауыл-аймақтарға жеткізілді. Әсіресе Ойыл ауданы және Ырғыз ауданындағы Әйке, Қобда ауданындағы Көктал, Көкүй сияқты ауылдарға және сол жақтан адамдарды қауіпсіз жерге жеткізді.