Хабар телеарнасы

Астанада Ибн Синаның ескерткіші ашылды

Салтанатты шараға Қазақстан мен Тәжікстанның Мәдениет министрлері және екі елдің зиялы қауым өкілдері қатысты. Ұлы ғалым және ойшылға қойылған ескерткіш Тәжікстанның біздің елдегі мәдениет күндері аясында бой көтеріп отыр. Ол елорданың Алматы ауданындағы саябақтардың біріне орнатылды. Қола мүсінді тәжік шеберлері жасаған. Тәжікстаннан шыққан Ибн Сина – бүкіл Орталық Азияның мақтанышы. Сондықтан бұл ескерткіш екі ел арасындағы тамыры терең тарихи байланысты одан әрі нығайта түспек.

Асхат Оралов, ҚР Мәдениет және спорт министрі: 
- Биылғы Тәжікстан мәдениеті күндерінің ерекшелігі ол тек Астанада ғана емес, Алматы мен Шымкентте де өтеді. Ол қалаларда да тәжік кинолары көрсетіліп, концерттер мен көрмелер ұйымдастырылады. Бұл әлбетте қазақ пен тәжік халықтарының бауырмалдығын одан әрі арттыра берері сөзсіз.