Хабар телеарнасы

Nur Otan аймақтарда праймериз өткізеді

Саяси кеңес бюросының отырысында осындай шешім қабылданды. Нұрсұлтан Назарбаев: «Бұл – партия атынан мәселелерді шешетін ең белсенді және сенімді мүшелерді анықтауға мүмкіндік беретін дұрыс қадам», – деді. Аймақтардың бәрін қамтып, жаңа форматта өтетін праймериз науқанының маңызы зор. Бюро отырысында праймеризді өткізу тәртібінің жобасы алдын ала мақұлданды. Құжат Саяси кеңестің отырысында бекітіледі. Іріктеу нәтижесінде Nur Otan партиясының Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауалды партиялық тізіміне енетін кандидаттар анықталады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Ағымдағы партияның саяси күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау үшін жиналдық. Өткен Саяси кеңесте «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам. Партияның 7 импульсі» деп аталатын жаңғырту бағдарламасын қабылдадық. Халықпен нақты жұмыс күшейтілді. Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне азаматтар сенім артып келіп, мәселелерін шешу үшін кеңес құрып отыр. Үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен партияның барлық деңгейдегі алаңдарында халықты толғандыратын мәселелер жөнінде кездесу мен әңгіме өткізілді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалымен өткен Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің бюро отырысында «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» деп аталатын әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру барысы да сөз болды. Елбасы әлеуметтік жобалар мен партияны жандандыру бағдарламасы бойынша қолға алынған жұмыстарды оң бағалады. Сонымен қатар Саяси кеңес отырысының күн тәртібі талқыланды. Алқалы жиынды өткізу 18 наурызға жоспарланған.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Сегодня вся наша работа должна быть сконцентрирована именно на регионах. Программа, с которой партия выйдет на следующие выборы, программа, которая составляется по каждому региону, говорит о том, что вся работа находится там, на местах. Руководству партии, депутатам Мажилиса и маслихатов надо выезжать на места, включая отдаленные районы. Встречаться с людьми, вникать в проблемы и решать их. Мы посоветовались вместе с Правительством. Все эти вопросы должны быть отражены в региональных партийных программах. Уже есть положительные результаты. Сегодня рейтинг нашей партии, по данным на февраль, находится на уровне 70%.