Хабар телеарнасы

Третьяков галереясының үздік 50 туындысы елордада

160 жылдан астам тарихы бар әйгілі Третьяков галереясы өз қорындағы «20 ғасырдың үздік 50 жауһарын» астаналықтарға әкелді.

Ұлттық музейде ашылған көрме елорданың 20 жылдығына арналған. Онда 1900 жылдан бастап бір ғасырдағы тарихи, мәдени оқиғаларды бейнелеген бірегей туындылар қойылған.

Қабырғадағы құнды суреттердің қатарында орыс мәдениетіне өшпес із қалдырған Архипов, Коровин, Рылов, Яблонская сынды белгілі қылқалам шеберлерінің картиналары бар. Қала тұрғындары мен қонақтары көрмені 10 қыркүйекке дейін тамашалай алады.

Зельфира Трегулова, мемлекеттік Третьяков галереясының бас директоры:
-Неге 20 ғасыр туындылары десеңіз, біз жарты ғұмырымыз өткен дәуірді көрсеткіміз келді.
Сондықтан таңдау Третьяков галереясының тұрақты экспозициясының 3/2 бөлігін құрайтын үздік 50 жұмысқа түсті. Оны адамдар көріп, ойға шомып, талқылайтын болады. Бұл көрме жалпы өнер туралы, қиын кездерді бастан өткерген суретшілердің ұстанымы туралы әңгімеге тамызық болады. Неге десеңіз, көз алдымыздағы көркем картиналардың тарихтың қиын шақтарында туған жайы бар.