Хабар телеарнасы

«Мәртебелі өнер»

«Мәртебелі өнер»

«Мәртебелі өнер» – сенбілік кеште көрерменді отбасымен бірге жинай отырып, отандық актерлық өнерді насихаттайтын, көңіл көтерер телевизиялық шоу.

Бағдарламаның негізгі бағыты – актерлар арасындағы сынақ. Концепцияның түптамырында ойын – сауық шоу арқылы актерлық шеберліктің шынайы деңгейін көрсетіп, биік талғам қалыптастыруға ықпалдасу жатыр. Әр шығарылымға екі актер немесе екі актриса қонаққа келеді. Өзара бәсеке, көрермен қошеметі және жеке намыс шоудың негізгі шиеленісіне айналады. Бағдарлама төрт кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өз тапсырмасы болады. Жобаның негізгі мақсаты – кәсіби өнер арқылы ұлттық құндылықтарды көпшілікке, әсіресе жастарға сіңіру.