Хабар телеарнасы

Алматы облысындағы көрікті жерлер ЮНЕСКО тізіміне енді

Алматы облысындағы Шарын шатқалы мен Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жақында ЮНЕСКО-ның тізіміне енді. Мұндай шешім аталған ұйымның «Адам және биосфера» бағдарламасының халықаралық үйлестіруші кеңесінің 30-шы сессиясында қабылданды.

Шарын шатқалы талайдан бері шетелдік меймандарды таңдай қақтырып жүрген. Ал Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының аумағында орналасқан Жоңғар Алатауы паркінде 11 туристік бағыт бар. Былтыр мұнда мыңнан астам саяхатшы келді.

Нұрболат Ноғайбеков, «Жоңғар Алатауы» МҰТП бас директорының орынбасары:

- Екінші топтағы мекеме болатынбыз. ЮНЕСКО-ға кіргеннен кейін бірінші топқа кіріп, біздің мамандарымыздың да жалақысы көбейеді деп ойлаймыз.