Жеңістің 70 Жылдығы бойынша барлық жаңалықтар
«Хабар» Агенттігі ұйымдастырған «Жеңіске құрмет!» шарасы Шығыс Қазақстан облысында да жалғасын тапты. 19 жасында соғысқа аттанған Иван Каплиев Сталинград қоршауын бұзудағы кескілескен ұрыстарға қатысты.
Өскемендік ардагер Валентин Кудрявцевті жерлестері «аңыз адам» деп атайды. Соғыстан келгеннен кейін саналы ғұмырын жол полициясына арнаған майдангер: «Өмірдегі басты құндылықтардың бірі – адал еңбек», - дейді.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында атыраулық майдангерлер мен тыл ардагерлеріне мерекелік медальдер табысталды. Салтанатты шарада Ұлы Жеңістің бүгінгі ұрпақ үшін маңызы айтылып, ән-жырдан шашу шашылды.
Қостанай облыстық қуыршақ театры тұңғыш рет соғыс тақырыбында қойылым көрсетті. Өжеттілік пен қайсарлыққа үндейтін тың туынды «Балапан қаршыға» деп аталады.
«Жеңіске құрмет» шарасы жалғасуда. Естеріңізге сала кетейік, «Хабар» агенттігінің ұжымы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көмек көрсету үшін 1 күндік жалақыларын аударған болатын.
«Хабар» агенттігінің «Жеңіске құрмет!» атты шарасының аясында Оралдағы тілшілеріміз Ұлы Отан соғысының ардагері Ғарифолла Ғадылшинді құттықтап қайтты.
Ақсақал Сталинград майданына қатысқан, соғыстың соңғы жылында ауыр жараланып, елге оралған.
«Хабар» агенттігінің «Жеңіске құрмет!» атты шарасының аясында Оралдағы тілшілеріміз Ұлы Отан соғысының ардагері Ғарифолла Ғадылшинді құттықтап қайтты.
Ақсақал Сталинград майданына қатысқан, соғыстың соңғы жылында ауыр жараланып, елге оралған.
Әрі ақын, әрі жыршы, әрі батыр. Қостанайлық Ұлы Отан соғысының ардагері Қасымхан Алдабергенов осындай сегіз қырлы, бір сырлы жан.
Бүгін ресейлік шекарашылар Жеңістің 70 жылдығына арналған эстафетаны қазақстандық әріптестеріне салтанатты түрде табыстады. ТМД елдері арқылы өтіп келетін эстафета жыл басында Брест қаласынан шыққан.
Ақтауда үш рет ажал аузынан аман қалған қарт майдангер тұрады. 90 жастан асқан Петр Морозов сұрапыл соғыста ерен ерлік көрсетті.
Павлодарлық полицейлер қан майданда ерлік көрсеткен соғыс ардагерлерін алдағы Жеңіс мерекесімен құттықтауда. Өңірде талай жыл құқық қорғау саласында қызмет еткен майдангерлер баршылық.
«Жеңіске құрмет!» шарасы аясында Ақтауда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Медресин Өмірзақовқа құрмет көрсетілді. Біздің осы өңірдегі тілшілеріміз Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында қарт майдангермен жүздесіп, «Хабар» агенттігінің арнайы сыйлығын табыс етті.
«Жеңіске құрмет» шарасы аясында Ақтауда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Медресин Өмірзақовқа құрмет көрсетілді. Біздің осы өңірдегі тілшілеріміз Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында қарт майдангермен жүздесіп, «Хабар» Агенттігінің арнайы сыйлығын табыс етті.
«Хабар» агенттігінің Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Жеңіске құрмет» шарасы барлық өңірлерде жалғасып жатыр. Бүгін Жамбыл облысындағы тілшілеріміз 92 жастағы Зинаида Вострикованы құттықтады.