Сұлулық пен сәндік жас талғамайды. Сондықтан Өскеменде Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне күтпеген сый жасалуда.
Жеңістің 70 Жылдығы бойынша барлық жаңалықтар
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында «70 күн – 70 игі іс» деп аталатын марафонды бастады.
Ақмола облысында Жеңістің 70 жылдығына орай, Целиноград ауданы Оразақ ауылындағы бұрынғы Бейбітшілік көшесіне Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдуәли Тоқбаев есімі берілді.
Ақмола облысының Зеренді ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Играев баспаналы болды.
Ұлы Отан соғысында Алматы облысының ерекше ерлік көрсеткен 54 азаматы Кеңес одағының Батыры атағына ие болған.
Павлодардың 55/12 әскери бөлімінде Жеңістің 70 жылдығына орай ардагерлерге сый-құрмет көрсетілді. Қан майданда қаймықпай соғысқан қайсар тұлғалар жас жауынгерлердің дайындығын байқап, өсиет-өнегелерін айтуды да ұмытпады.
Көкшетауда Жеңістің 70 жылдығына орай айрықша іс-шара өтті. Қаладағы 55/10 әскери бөліміне Ұлы Отан соғысында шайқасқа қатысқан ақмолалық 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы әскери жалауының көшірмесі салтанатты түрде табыс етілді.
Павлодарлық соғыс ардагерлері Жеңістің 70 жылдығын қайта жөнделген өз пәтерлерінде қарсы алмақ. Былтыр мердігерлер жүзден астам қарияның баспанасын қайта жаңартып шығыпты.
Семейлік қарт, барлаушы Қабдынасыр Кенбаевқа Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенконың атынан «Беларусь жерінің неміс басқыншыларынан азат етілуіне 70 жыл» мерейтойлық медалі табысталды.
Ұлы Отан соғысының ардагері Жапар Оразалинов Талдықорғанда тұрады. Ол 1945 жылдың басында жарақатына байланысты елге қайтарылып, қаруды қаламға алмастырған майдангерлердің бірі.
Батыс Қазақстан облысында бүгінде 264 соғыс ардагері қалды. Солардың бірі - 1945 жылдың 24 маусымында Мәскеуде өткен Жеңіс шеруіне қатысып, тарихи оқиғаны өз көзімен көрген Меңжан Әбдірахманов.
Жеңісті жақындатқан жандар әрдайым ел жадында. Осынау сұрапыл соғыстың куәгерлері бейбітшілік пен тыныштықтың мән-маңызы туралы кейінгі буынға айтудан жалыққан емес.
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Фахрузиян Серебрикова баспаналы болды. Осыған дейін пәтер жалдап келген кейуананың қуанышында шек жоқ.
Семейлік ардагер Ғаболғазиз Ахмеров Батыс Еуропаны фашистерден азат етуге қатысқан. Бірнеше орден, медальдердің иегері.
Президенттің сыйлығына ие болған қарт сарбаздар қатты қуанып қалды. «Жаңа жыл қарсаңындағы жағымды жаңалық еңсемізді бір көтеріп тастады», - дейді олар.
Бұл еліміз бойынша жүріп жатқан акцияның заңды жалғасы. Ұлы жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Қазақстанда тұрып жатқан 5115 майдангердің барлығына Мемлекет басшысының құттықтау хаты табысталды.