Әлемде - "Хабар" телеарнасы
Сейсенбі, 23 Мамыр 2017 08:08

Ұлыбританияның Манчестер қаласында америкалық әнші Ариана Гранденің концерті кезінде екі жойқын жарылыс болды.

Бұл туралы RT агенттігі хабарлады.

Ел полициясы «Манчестер Арена» стадионында болған оқиғадан 19 адамның қаза тапқандығын және 50-ден астам адамның жараланғандығын ресми түрде растады. Британ премьері Тереза Мэйдің айтуынша, полиция бұл оқиғаны террорлық акт деп қарастырып отыр.

Дүйсенбі, 22 Мамыр 2017 20:29

Ядролық қаруды бейбіт мақсатта пайдалану туралы Қазақстанның позициясы әлемге белгілі. Алайда әлі күнге дейін жаһанға қауіп төндіріп отырған елдер баршылық.

Солардың бірі Солтүстік Корея күні кеше кезекті баллистикалық зымыранын ұшырған. 

Корей Халық Демократиялық Республикасы кезекті баллистикалық зымыран сынағын сәтті өткізгенін мәлімдеді. Бұл халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын тудырды.

Ертең Жапония, АҚШ және Оңтүстік Кореяның бастамасымен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шұғыл отырыс өткізеді. Еске салсақ, жексенбі күні Пхенан-Намдо провинциясындағы әскери сынақ алаңынан ұшырылған зымыран 500 шақырым ұшып өтіп, Жапон теңізіне құлаған. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын «Пуккыксон-2» зымыранының ұшырылуын бақылап, ел әскерін тезірек жарақтандыруға тапсырма берді. 

Сирияның Хомс қаласы толығымен үкімет әскерінің бақылауына өтті. Соңғы екі күнде 700-ге жуық көтерілісші мен олардың отбасылары, барлығы 3 мыңдай адам қоныс аударды. Наурыз айында үкімет пен оппозиция шаһардағы қарулы топтарды алып кету жөнінде келісімге келген. Елде қақтығыстар басталғалы қалада алғаш рет әскери іс-қимылдар тоқтады.

Швейцарияда өткен референдумда тұрғындардың 58%-ы атом электр станцияларынан бас тартуды қолдады. Бұл шешім енді біртіндеп жүзеге асады. Швейцария бұдан былай жаңа атом электр станцияларын салмайды. Елдегі бес станцияның қызмет ету уақыты аяқталғанда, олардың орнын баламалы қуат көздері басады. Ел билігінің энергетика саласын дамыту туралы жоспарына сәйкес, Швейцария 2050 жылға дейін мұндай станциялардан бас тартып, жел, күннен қуат алып, биожанармайға көше бастайды.

Оңтүстік Кореяның жаңа сайланған президенті Мун Чжэ Иннің танымалдылығы 80%-дан асты. Әлеуметтік сауалнама нәтижелері оның қызметіне көпшіліктің көңілі толатынын көрсеткен. Сауалнамаға 2526 дауыс беруші қатысып, 10,1%-ы қарсы пікір айтқан. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2008 жылы Ли Мён Бак халықтың 76%-ының сеніміне ие болған екен.

2013 жылы Пак Кын Хе билікке келгенде азаматтардың 54,8%-ы ғана қолдағаны анықталған.

Авторы: Меруерт Жақан

Дүйсенбі, 22 Мамыр 2017 09:16

Францияның жаңа президентінің танымалдығы 62 пайызға жеткен. Жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижелері осыған саяды.

Халықтың тең жарымынан астамы Эммануэль Макронның мемлекет басшысы болып сайланғанына және оның қызметіне көңілі толатынын жеткізген. Дегенмен француздардың 31 пайызы қарсы пікір айтқан.

Еске сала кетейік, 7-ші мамырда Францияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі өткен болатын. Онда елдің бұрынғы экономика министрі Эммануэль Макрон жеңіске жетті. Араға бір апта салып ол өз міндетін атқаруға кірісті.

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Жаңалықтарға жазылу

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.