Валентин Арапов: Қазақ сарбаздарынан құрылған кавалерия дивизиясының ерлігіне бас иемін - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Валентин Арапов: Қазақ сарбаздарынан құрылған кавалерия дивизиясының ерлігіне бас иемін

  • Сейсенбі, 09 Мамыр 2017 18:45

Кереку өңірінде қазір 102 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады.

Солардың бірі – Валентин Арапов. Қарт майдангер соғысқа 20 жасында аттанған. Артиллерист 73-ші Сталинград-Дунай атқыштар дивизиясының құрамында болып, Румыния, Болгария, Югославия және Венгрияны азат етуге қатысқан. 1942 жылы Украинадағы Харьков түбіндегі шайқаста ерлікпен көзге түскен. Майдангер соғыс кезінде қазақ сарбаздарынан құрылған 106-шы кавалерия дивизиясының ерлігіне тәнті болғанын айтады.

Валентин Арапов, Ұлы Отан соғысының ардагері:

- Жаудың қолында пулемет, автомат болды. Біздің жауынгерлеріміздің қолында қылыш қана. Кавалерия дивизиясының ерлігіне бас иемін! Отан үшін отқа түскен жерлестеріміздің ержүректілігін бүгінгі ұрпақ жадынан шығармауы керек.

 
Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.