Елордада Жеңіс күніне арналған концерт өтіп жатыр - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Елордада Жеңіс күніне арналған концерт өтіп жатыр

  • Сейсенбі, 09 Мамыр 2017 20:40

«Жеңіс әндері, көктем әуендері».

«Астана Опера» театрында осындай атаумен Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған концерт өтіп жатыр. Салтанатты кеште соғыс жылдарындағы танымал әндер, сондай-ақ қазақ, орыс және Батыс Еуропа классикасының ең үздік туындылары орындалуда. 

Жеңістің 72 жылдығына арналған концертке Ұлы Отан соғысы ардагерлері арнайы шақырылған. Мекерелік кешті қала қонақтары мен тұрғындары да тамашалауға мүмкіндік алды. Залда ине шаншар орын жоқ.

«Астана Опера» театрының сахнасында жауынгерлердің жүрегінен орын алған, санасында жатталып қалған, жеңіске шабыттандырған туындылар шырқалып жатыр. 

От пен оқтың, өмір мен өлімнің арасындағы жағдайды суреттейтін әр ән ардагерлеріміздің жанына жақын. Себебі олардың қиын-қыстау күндерін жеңілдетіп, рух беріп, қанаттандырған. Кеш барысында классикалық туындылар да орындалды. 

Бүгін сахнада шырқалған соғыс жылдарындағы әндер қазақстандық қаһармандарымыздың ерлігін дәріптейді. Сондықтан батырлар есімі мәңгілік ел есінде қалмақ. Ардагерлерімізге ұзақ ғұмыр тілейміз, елімізде бейбітшілік болсын! 

Авторлары: Гүлмайра Қуатбайқызы

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.