Қоғам - "Хабар" телеарнасы
EXPO 2017 в Астане
Сенбі, 22 Шілде 2017 12:30

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов Ақмола облысы Арнасай елді мекенінде «Болашаққа қадам» республикалық жобасы аясында өткен бизнес жобалар жәрмеңкесіне барды.

А.Нүкенов мұндай іс-шаралардың әсіресе ауыл тұрғындары үшін өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

«Жалпы ағымдағы жылы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен 588 млн теңге сомасына 55 грант беріледі. Азаматтарды жұмысқа орналастыру механизмдерін жетілдіруге бағытталған осы жоба мәселені ауылдар мен шағын қалалар тұрғындарының кәсіпкерлік белсенділігі мен әлеуметтік жауапкершілігін қолдау мен ынталандыру арқылы шешетінімен қызықты. Мұндай жобалар мемлекеттік органдар мен бизнес қоғамдастықтардың қолдау көрсетуін қажет етеді деп санаймыз» , – деп атап өтті вице-министр.

 

«Жұмысқа орналастыру қызметін ұйымдастыру» жобасын Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің гранты негізінде «Әйел сәулесі» қоғамдық бірлестігі «Қазақстанның волонтерлар альянсы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп жүзеге асыруда.

Жобаның негізгі мақсаты – жаңа жұмыс орындарын құру және «Болашаққа қадам» республикалық байқауы нәтижесінде іріктелген елді мекендердегі бизнес жобаларды жүзеге асыру арқылы ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыру.
Қазақстанның барлық аймағынан түскен 144 өтінімнің ішінен 30 үздік бизнес-идея таңдап алынды. Финалдық кезеңнің қатысушылары өз жобаларын бизнес жобалар жәрмеңкесі барысында сарапшылар алдында қорғады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

Сенбі, 22 Шілде 2017 10:33

Бейбітшілік және келісім сарайында EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында «Болашақ энергиясы – Made in Astana»жастар өнерінің фестивалі бастау алды.

«Бұл жобаның мақсаты бейнелеу өнерін дамыту, сақтау және насихаттау болып табылады.  Рухани жаңғыру бұл – Қазақстанның үшінші жаңғыртуының әлеуеті. Жас қала Астана еліміздің дамуына бағытталған жаңа бастамалардың бастау алаңы болып табылады. «MADE IN ASTANA» жобасы мансабын енді бастап келе жатқан сурешілердің қызығушылығын оятты», – дейді ұйымдастырушылар.

«Болашақ энергиясы – Made in Astana» фестивалі үш кезең бойынша өтеді.

22 шілдеде елдің Орталық саябақ, Президенттік саябақ, Ақбұлақ жағалауы, Бәйтерек және Әкімдік алаңында жалпы плэнер өтеді.

23 шілдеде «Made in Astana» бейнелеу өнері бойынша республикалық байқаудың қатысушыларын марапаттау салтанаты өтеді. Олар ақшалай сыйлықтармен және алғысхаттармен марапатталады.

Шараны Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ұйымдастырды.

Ақпарат көзі: astana.gov.kz

Сенбі, 22 Шілде 2017 09:31

Қазақстанның барлық өңірінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» және еңбек әулеттері мен өндіріс еңбеккерлері арасындағы «Еңбек жолы» байқауларына қатысуға өтінімдер қабылдау жалғасуда.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атап өткендей, Қазақстанда тәуелсіздік жылдары әлеуметтік жауапкершілік қағидатын жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалды. Байқауды өткізген жылдары (2008-2016 жылдары), оған елдің барлық өңірінен 4 мыңнан астам кәсіпорын қатысты.
2016 жылы бекітілген республикалық «Еңбек жолы» байқауы болса, үш аталым бойынша ұйымдастырылуда: «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері».
Бүгінгі таңда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауына 200 кәсіпкерлік субъектісі қатысуға ниет білдірді. Оның ішінде «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» аталымында – 99, «Еңбек қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» аталымында – 32, «Үздік ұжымдық шарт» аталымында – 43, «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымында 26 бизнес өкілі бақ сынамақ.
«Еңбек жолы» байқауына түскен 86 өтінімнің 28-і «Үздік еңбек әулеті» аталымына, 29-ы «Өндірістің үздік жас маманы» аталымына және 29-ы «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» аталымына тиесілі болып отыр.
«Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Еңбек күніне орайластырылған өңірлік еңбек форумдарында және қазан айында «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» республикалық форумында өтетін болады.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының жүлдегерлерін желтоқсан айында Мемлекет басшысының өзі марапаттайды деп күтілуде.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Жаңалықтарға жазылу

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.