07:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Ғалымдар «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын «Рухани жаңғыру» пәніне қосуды ұсынды

Ғалымдар «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын «Рухани жаңғыру» пәніне қосуды ұсынды

«Тәуелсіздік дәуірі» кітабын оқулық ретінде пайдалануымыз керек.

Елбасы еңбегін талқылаған Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері осындай ұсыныс айтты. Сарапшылар алдағы уақытта оқылатын «Рухани жаңғыру» пәніне алдымен Абай Құнанбаевтың 45 қара сөзін қосу керектігін атап өтті. Себебі Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы ұлы ақынның көзқарасымен үндес. «Олар бір-бірін толықтырып тұр», – дейді жиналғандар.

Дархан Мыңбай, ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі:

– Бұл кітапты тұжырымдамалық дәуірнама, хрестоматия деп айтуға болады. Бұл кітаптың тараулары мен бөлімдерінің атауларының өзі үлкен ойға жетелейді. «Рухани жаңғыру» пәнінің оқулығы ретінде, тарихи санамызды жаңғыртудағы кітап ретінде пайдалансақ деген ұсыныс болды. Бұл ұсыныстардың өз орны бар.