ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

«Хабар» арнасынан «Ана жүрегі» әлеуметтік драмасының алғашқы бөлімі көрермен назарына ұсынылады

«Хабар» арнасынан «Ана жүрегі» әлеуметтік драмасының алғашқы бөлімі көрермен назарына ұсынылады

14 қарашадан бастап «Ана жүрегі» әлеуметтік драмасы «Хабар» арнасынан қалың көрерменге жол тартады.

Сериалға арқау болған оқиғалардың барлығы өмірден алынған. Басты кейіпкер – 55 жастағы Райгүл есімді сот төрешісі. Ол отызға келген ұлы Арманның әр ісіне араласып, көп жұмысына тосқауыл болады. Тіпті өз еркімен өмірлік жар таңдауына да қарсы шығады. Кинокартинада адамдар арасындағы текетірес пен қуанышты және қайғылы жағдайлар қатар көрсетіледі. Сценарий авторы – белгілі продюсер Гүлнұр Мамасарипова. Режиссері – Санжар Омаров. Алғашқы бөлімді бүгін арнамыздан сағат 21.30-да көре аласыздар.