ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Павлодарда тәжірибелі ұстаздар жаңа оқулықтардың жобаларын жіті тексеріп жатыр

Павлодарда тәжірибелі ұстаздар жаңа оқулықтардың жобаларын жіті тексеріп жатыр

Бүгін Павлодар қаласында келер оқу жылында қолданысқа енуі тиіс жаңартылған оқу бағдарламалары мен жаңа мазмұндағы оқулықтарды талқылаудың республикалық семинары өтуде.

Осы жолы оқу құралдарын сарапқа салу үшін тәжірибелі мұғалімдер, салалық министрліктің өкілдері, сондай-ақ оқулық авторлары бас қосты. Ертіс өңірі ұстаздары жаңа оқулықтарға қатысты қандай пікір білдірді?

Осы жолы қатемен жұмысты ұстаздардың өздері жүргізуде. Павлодарда өтіп жатқан семинарға 400-ден астам педагог қатысты. Мақсат – 3, 6 және 8-сыныптарға арналған жаңа оқулықтардың жобаларын жіті тексеріп, пікірлерін ортаға салу.

Ләззат Баимбетова, ҚР БҒМ орта білім оқу әдебиетін сараптау зертханасының меңгерушісі:

– Әртүрлі. Енді мазмұны жағынан, тіпті оның аударма жұмыстары бойынша жаңағы техникалық, орфографиялық қателерді айтып отырмыз ғой. Соны бізге өңдеуге, қазір авторларға мүмкіндік беріледі.

Оқулықтардың барлығы білім берудің заманауи стандарттарына сай жазылған. Яғни бағдарлама ұстаздың ғана емес, оқушының да көңілінен шығуы тиіс. Еліміздің танымал математигі Татьяна Кучердің еңбегі сарапшылар тарапынан жақсы бағасын алды.

Татьяна Кучер, Математика пәні оқулығы жобасының авторы:

– Оқулықта басылым кезінде қателерге жол берілген. Ал мазмұны мен әдіс-тәсілдері бойынша ескертулер болмады. Сонымен қатар қосымша материалдарды енгізу туралы ұсыныстар айтылды.

Евгения Цхай, Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы математика пәнінің мұғалімі:

– Математиканы өзгерту қиын. Бұл – заңдылық. Бұл оқулықтарда негізгі базаның сақталғаны қуантады. Сонымен қатар оқытудың классикалық әдіс-тәсілдері сақталған.

Ақмарал Есімханова, тілші:

– Елімізде осындай деңгейдегі семинар алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Осы жолы павлодарлық ұстаздардың назарына 17 пән бойынша оқулықтар ұсынылды. Осы жолы орыс әдебиеті, математика және алгебра пәндері бойынша соншалықты ескертпелер болған жоқ. Ал химия пәні бойынша көптеген сұрақ туындады.

36 жылдық еңбек өтілі бар Мұрат Сабырұлының айтары бар. Тәжірибелі химик кітаптарда әріптік қателерден бөлек тәржімалау жұмыстары сапалы жүргізілмегенін айтады. Бұл қателіктер ескерілмесе, оқушылар үшін оқу материалдарын меңгеру де қиын болары анық.

Мұрат Әлібеков, «Жас дарын» мамандандырылған мектебі химия пәнінің мұғалімі:

– Орыс тілінде тұр, 11 тарау дейді. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі сыныптары. Осы жерде оксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздар туралы жалпы мағлұматтар бар. Ал оқушыға басқа тарауларда осы тарауда есептер берілді. Оқушыға оксид немесе тұз, қышқыл туралы мағлұмат берілмей тұр.

Сала мамандары айтылған пікірлер ескеріледі деп сендірді. Оқу құралдары сараптамадан өткен соң келесі жаңа оқу жылында еліміздің 7 мыңға жуық мектебі үшін басылып шығарылмақ.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков, Алексей Омельницкий