Спорт - "Хабар" телеарнасы
EXPO 2017 в Астане
Сенбі, 19 Тамыз 2017 15:16

WBO тұжырымы бойынша жеңіл салмақта (53,5 келіге дейін – 118 фунт) Азия чемпионы 23 жастағы Елшат Нығматоллаұлы (9-0-1, 1КО) 18 тамыз күні Қытайдың Цзинань қаласында кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Sohu спорт порталының мәлімдеуінше, Елшат бұл кездесуінде 122 фунт (57 келіге дейін) салмақта жұдырықтасты. Қорытындысында ол қарсыласы таиландтық Кайонсак Потангті (25-16, 9КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, 11-жеңісіне қол жеткізді. 

Сенбі, 19 Тамыз 2017 14:22

BDA Boxing YouTube арнасы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек алдында қазақстандық Геннадий Головкиннің әлсіз және мықты тұстарына сараптама жасады. 

Видео авторы Головкиннің алдыңғы жекпе-жектерінен мысал ала отырып, боксшының аралықты жылдам қысқартып, қашықтықты қиып өте алатынын түсіндірген. 

Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйекте Лос-Вегастағы T-Mobile аренасында өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болады. Қазақстандық боксшы WBC ережелері бойынша 30 күн бұрынғы міндетті салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Ал мексикалық бұл белбеуден бас тартып, Головкиннің үш белбеуіне ғана көз тігіп отыр, деп жазады kaz.vesti.kz.

Сенбі, 19 Тамыз 2017 11:10

Аса ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы Владимир Кличко бокс тарихындағы үздік 10 аса ауыр салмақтағы боксшыны атады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

«Әрине, Джо Луис бұл тізімге кіреді. Мен оның рекордын жаңартқым келген. Сонымен қатар бұл тізімде жеңіліс дәмін татпаған Рокки Марчиано болуы қажет және Томас Хирнс. Одан үйренгенім көп. Бапкерімізде бір болған. Бірге талай жаттыққанбыз. Оның жұдырықтасу стилін қайталауға тырысатынмын. Сөзсіз, бұл тізімді Мұхаммед Әлисіз елестету мүмкін емес. 

Бесінші кім? Мүмкін менің ағам шығар. Не себепті дейсіз ғой? Өйткені ешқандай әлем чемпионы мэр болған емес», – деп келтіреді Кличконың сөзін «Чемпионат» сайты. 

Бұған дейін аса ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон украиналық Владимир Кличконы бокс тарихындағы үздік 10 боксшының қатарына қосқан болатын. 

Украиналық боксшы Владимир Кличко тамыз айының басында мансабын аяқтағанын хабарлаған болатын. 41 жастағы боксшы 11 қараша күні Лас-Вегас қаласында өтеді деп жоспарланған Энтони Джошуамен екінші кездесуден бас тартты. Кличко 21 жылға жалғасқан кәсіпқой боксшы мансабында 69 кездесу өткізіп, оның 64-інде жеңіске жетсе, 5 кездесуде жеңілістің кермек дәмін татты. 53 кездесуде қарсыласын нокаутқа құлатты. 

Ол өз мансабында WBO (2000-2003, 2008-2015), IBF (2006-2015), IBO (2006-2015), WBA (2011-2015) ұйымдарының белбеуі мен The Ring (2009-2015) журналының арнайы белбеуін иеленген. Соңғы жекпе-жегін Владимир Кличко 2017 жылдың 29 сәуірінде Лондондағы «Уэмбли» стадионында өткізіп, британдық Энтони Джошуадан жеңіліп қалды.

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Жаңалықтарға жазылу

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.