A+ A A-

Пхёнчхан Олимпиадасының жүлдегері Юлия Галышева елге оралды

  • Дүйсенбі, 19 Ақпан 2018 19:00

Пхенчхан Олимпиадасында Қазақстан қоржынына алғашқы қола жүлдені салған Юлия Галышева елге оралды.

Алматы әуежайында жұртшылық спортшыны  құттықтап, құшақ-құшақ гүлдерін тарту етті. XXIII Қысқы Олимпиада ойындарының әзірге жалғыз жүлдегері Юлия Галышева өзінің Пхенчхандағы жеңісіне көңілі толатындығын айтты. Алтын немесе күміс ала алмағаны үшін өкінбейтінін де жеткізді.

Юлия Галышева, Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері:

- Жиырма спортшы іріктелген алғашқы финалда қатты толқыдым. Жалпы осыған дейінгі әлемдік сайыстарда толқыған емеспін. Өзіме тапсырылған бағдарламаны ойдағыдай орындауды ғана ойлаймын. Соңында 12 және 6 адам ғана іріктелген финалда толқымадым.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз