A+ A A-

Германия медальдық есепте көш бастады

  • Жексенбі, 25 Ақпан 2018 11:20
Германия медальдық есепте көш бастады sports.kz

Оңтүстік Корея төрінде өтіп жатқан XXIII Қысқы Олимпиада ойындарының соңғы күнінде Германия құрамасы бобслей спортынан жеңіске жетіп, жалпыкомандалық есепте көш бастады.

Енді Германия қоржынында 14 алтын бар. Осылайша олар Ванкувердегі Канада орнатқан рекордты қайталап отыр. Екінші орында – Норвегия спортшылары болса, үштікті Канада түйіндеп тұр.

Айта кетейік, медальдық есеп бойынша Қазақстан құрамасы Латвия, Лихтенштейн елдерімен бірге 28-орында келеді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз