A+ A A-

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында Қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды

  • Дүйсенбі, 19 Наурыз 2018 16:15

Қазақстандықтар соңғы күні шаңғы жарысының аралас және ашық эстафеталарына қатысты.

Жаңыл Балтабаева, Қайрат Қанафин және Сергей Усольцевтер аралас эстафетада 12-орынмен шектелді, ал Денис Петренко, Александр Колядин және Александр Герлиц командасы ашық эстафетада алтыншы болып келді. Осылайша Қазақстан құрамасы 2018 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарынан Александр Колядин жеңіп алған жалғыз алтын медальмен оралады. Қазақстан жалпыкомандалық есепте 20-орынға табан тіреді. 13 алтын, 15 күміс және 8 қола медаль алған АҚШ бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Бейтарап Паралимпиада Атлеттері командасы ретінде жарысқа қатысқан ресейліктер алды, олардың еншісінде қысқы Паралимпиаданың 8 алтыны, 10 күміс және 16 қола медаль бар. Үшінші орынға жалпы 28 медальды жеңіп алған (8-4-16) Канада спортшылары тұрақтады.

 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз