A+ A A-

Денис Уланов Рио Олимпиадасының қолa жүлдегері атануы мүмкін

  • Сейсенбі, 30 Тамыз 2016 13:44
Денис Уланов Рио Олимпиадасының қолa жүлдегері атануы мүмкін фото: tengrinews.kz

Рио-де-Жанейрода 4-орыннан көрінген зілтеміршіміз Денис Уланов Рио Олимпиадасының қолa жүлдегері атануы мүмкін.

Румындық БАҚ 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын алған Габриэль Синкраянның допинг сынамасы оң нәтиже берді деп мәлімдейді.

Халықаралық Ауыр атлетика федерациясы әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Алайда Синкраянның Олимпиададағы көрсеткіші өз күшін жояды деп күтілуде. Мұндай жағдайда оның жеңіп алған қола медалі біздің зілтеміршіміз Улановқа бұйырады.

Айта кетейік, Уланов пен Синкраян да Рио Олимпиадасында жалпы есепте 390 келіні еңсерген еді. Алайда салмағы жағынан жеңіл тартқан румындық спортшы қазақстандықтан озып кеткен болатын.

Ақпарат көзі: 24kz

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Copyright©2016 «Хабар» Агенттігі

Copyright©2016 Khabar Agency

Серіктестер

Жоба туралы

Риода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына арналған арнайы олимпиадалық веб-жоба. «Хабар» Агенттігінің эксклюзивті контенті