Хабар телеарнасы

Риддер-Сокольный кен орнында құтқару жұмысы жүріп жатыр

Шахтаның бір бөлігін тау үйінділері басып қалған. Салдарынан жер астындағы шахта ішінде жұмыс істеп жатқан бұрғылаушы шыға алмай отыр. «Казцинк» компаниясының ресми ақпаратына сүйенсек, жұмысшымен байланыс орнатылған. Оған қажетті барлық зат шахтаға түсірілген. Кеншіні жер бетіне шығару үшін құтқару отряды жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдай орнында қосымша медициналық бригада кезекшілігі ұйымдастырылған.