Қостанай

Наталья Строкова

Тілші

Наталья Строкова Солтүстік Қазақстан облысында туған. Арқалық педагогикалық институтының филология факультетін және Қостанай мемлекеттік университетінің заң факультетін сырттай бітірген. Телевидениеге 2003 жылы келген. Жаңа жұмысын алғашқы күннен бастап ұнатқан. Еңбек жолын Арқалық қалалық телеарнасында журналист және диктор болуда бастады. 

Кейін Қостанай облыстық телеарнасына ауысты.2007 жылдан бастап"Қазақстан" республикалық телеарнасының Қостанай облысындағы меншікті тілшісі ретінде жұмыс жасады. 2012 жылы «24KZ» арнасы ашылып, оны жаңа ұжымға шақырды. Телеарна алдында ауқымды, маңызды міндеттер тұрды. Наталья үшін осы үлкен және тату-тәтті отбасының бір мүшесі болу - мәртебе!

Жұмыстан бос уақытта отбасымен бірге қала сыртына шығып, табиғат аясында демалғанды, орман аралап, балық аулағанды ұнатады. Орыс классикасын оқып, музыкасын тыңдағанды қалайды. Адалдық, ақпейіл және мейірімді адамдарды бағалайды.