Шымкент

Қанат Жүнісбеков

Меншікті тілш

Қанат қасиетті Отырар жеріндегі Көксарай ауылында дүниеге келген. Бала күніндегі арманы - ұшқыш болу еді. Алайда өмір ағысы оны журналистика факультетіне бағыттаған. Алайда мұндағы кафедра меңгерушісі оның мінез-құлқына қарап “Саған тез арада өміріңді сүзгіден өткізу керек. Заңгер, экономист немесе журналист боласың ба нақты анықтап ал. Егер дер кезінде ақылға келмесең, сенен тілші шықпайды” депті.

Осы сөзден кейін, өз өмірін өзгертуге бел шешкен Қанат университетті бітіре сала “Қазақстан-Шымкент” облыстық телеарнасына тілші болып орналасады. 15 жыл бір арнада жұмыс істеген оған “неге республикалық арналарға барып өз мүмкіндігімді көрмеске” деген ой келеді. Осылайша, “24kz” телеарнасына меншікті тілші болып ауысқан Қанат бүгінде өз шешімінің дұрыс екеніне көз жеткізді. 

Бүгін де ол, жұбайы екеуі 3 бала тәрбиелеп отырған отағасы. Ол бос уақытының барлығын балаларымен, достарымен өткізеді. Таза ауада серуендеп, тауға шыққанды жаны қалайды. Оның өмірлік мақсаты - адам мен қоғамға пайдасын тигізетін іс жасау.