Нью-Йорк

Майра Әбдірахманова

Меншікті тілші

Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Майра Хабар арнасының алғашқы атқарушы продюсерлерінің бірі.

Ол Европадағы Қазақстанның атынан арнайы тіркеуден өткен тұңғыш журналист. Майра телеарна саласына 1988 жылы келді. Президенттік ПУЛ-да жұмыс істеген тілші. Әсіресе оның Президентпен бірге 1992 жылы АҚШ-қа, 1993 жылы Жапонияға барған сапары ерекше есінде қалған. 

Еліміз тәуелсіздігін алған жылдары ол саяси тақырыпта 100 ден астам арнайы саяси сюжеттер жасады. Майра 6 жыл бойы Австрия астанасы Венада меншікті тілші қызметін атқарды. Әсіресе оның репортаждарының бәрі Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуге, Астанада өтетін “ЭКСПО-2017” көрмесі мен Кан мен Берлиндегі байқауларда үздік деп танылған отандық фильмдерді қамтыды. Ол дүниежүзінің Президенттері мен Премьер-министрлерінен эксклюзивті сұхбаттар алды.

Тілшінің ойынша, жаңалықтарда жұмыс істеу шығармашылық тұрғыдаең әмбебап болуға, жылдап ойлап, жылдам шешім шығаруға және әртүрлі тақырыпта пікір алмасуға ең қолайлы орта. Қолы бос кезінде әйелдер клубындағы түрлі жұмыстарға араласып, скайп арқылы немерелерімен хабарласып тұрады.