ТОП бейне

Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы үшінші кездесуін «Хабар» телеарнасы көрсетеді

Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы үшінші кездесуін «Хабар» телеарнасы көрсетеді

Бірер күннен кейін «Хабар» арнасынан Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы үшінші кездесуін көре аласыздар. Жекпе-жек Ұлыбританияның Кардифф қаласында болады. Жерлесіміздің бұл жолғы қарсыласы – Габор Горбич есімді венгриялық боксшы.

Қос спортшы арасындағы кездесу маусым айында өтуі керек болатын. Бірақ венгриялық боксшының жарақатына байланысты кейінге қалдырылды.

Айта кетейік, жуырда ғана кәсіпқой боксқа ауысқан Данияр Елеусінов бұған дейін 2 кездесу өткізіп үлгерді және екеуінде де жеңіске жетті.