Әлемде - "Хабар" телеарнасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
Жексенбі, 18 Маусым 2017 21:33

Йеменнің солтүстігінде араб коалициясы жергілікті базарға әуеден оқ жаудырды.

Салдарынан 24 бейбіт тұрғын опат болып, тағы бір адам жараланған. Елде үкімет жасағы мен көтерілісші хуситтер арасында қарулы қақтығыс жалғасып жатқалы 3 жылға таяды. 2015 жылдың наурызынан бастап араб коалициясы әуеден шабуыл жасап, Йемен әскеріне болысып жүр. Содан бері 10 мыңдай бейбіт тұрғын бақилық болып, 18 мың 500 адам жараланған. Ең өкініштісі, марқұмдардың төрттен бірі – бейкүнә балалар. Толассыз текетірес кесірінен су құбырларының көбі бүлініп, Йеменді тырысқақ дерті дендеп тұр. Соңғы мәлімет бойынша, елді жайлаған індеттен мыңнан астам адамның ажалы жеткен.

Жексенбі, 18 Маусым 2017 19:12

Португалия үкіметі елдің орталық бөлігінде басталған орман өртінен тұрғындардың қаза болуына байланысты ұлттық аза тұту күнін жариялады.

Бұл туралы Publico газетіне сілтеме жасай отырып ТАСС хабарлады. Қаралы күн 20 маусымға дейін созылады. 

Басылым таратқан мәліметке сәйкес, Лейрия аймағындағы өрттен 58 адам көз жұмып, тағы 54-і зардап шеккен. 17 маусымда Педроган-Гранди елді мекенінде басталған жалынды әзірге ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Күннің ыстығы мен жел өртті сөндіруге кедергі келтіруде. Табиғат апатымен күреске жүздеген адам жұмылдырылған. 

Жексенбі, 18 Маусым 2017 17:32

Ирак  армиясы ТГИЛ-дің бақылауындағы соңғы аудан Мосулдағы Ескі шаһарға шабуылдың басталғанын хабарлады.

Хабарламада арнайы әскер батыстан, ал федералдық полиция оңтүстіктен лап қойғаны айтылған.

БҰҰ деректеріне сәйкес, Ескі шаһарда 100 мыңдай бейбіт тұрғын бар. Оларға қаладан кету қажеттігі ескертілді.    

Ұйымның есебінше, соңғы аптада Мосулдың батыс бөлігінде 230-дай бейбіт тұрғын қаза тапқан. 

Ақпарат көзі: inform.kz 

Қазақстан және әлем жаңалықтары

Календарь

Әлеуметтік желілер

  1. TW
  2. FB
  3. BK

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.