07:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152
JUser: :_load: Unable to load user with ID: 154
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Екібастұз зауыттары өндірістік қуаттылығын арттырып жатыр

Екібастұз зауыттары өндірістік қуаттылығын арттырып жатыр

Екібастұз зауыттары өндірістік қуаттылығын арттырып жатыр.

Мәселен, теміржол дөңгелектері мен бағыттамалық бұрғыларды шығаратын кәсіпорында өндірістік үрдістің технологиясы тұтастай жаңғыртылуда. Бұл жұмыстар 2018 жылы аяқталады. Нәтижесінде 400 жаңа жұмыс орны ашылып, өнімнің көлемі мен сапасы артады. Теміржол біліктері мен қос дөңгелектер шығаратын зауыт та өндірісін кеңейтпек. 200 маманды еңбекпен қамтып отырған өндіріс ошағы жуырда толық қуатына шығады. Бұл жобалар Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асырылуда.

Александр Слободов, зауыт директоры: 

-Теміржол біліктері мен қос дөңгелектерден бөлек жаңа өнім шығаруды қолға алмақпыз. Атап айтқанда, отандық теміржол саласына қажет инновациялық вагондар сертификатталып жатыр. Вагондар 25 тонналық жүктілікке арналған. Құжаттар ресімделген соң вагон құрастыра бастаймыз.