ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Ұлттық банк 500 теңгелік жаңа купюраны таныстырды

Ұлттық банк 500 теңгелік жаңа купюраны таныстырды

Бүгін 500 теңгелік жаңа купюра айнылымға шықты.

Жаңа банкнот «Қазақ елі» сериясымен жасалған. Купюраны баспасөз мәслихатында Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев таныстырды. Айтуынша, енді ескі үлгідегі купюралар 2020 жылдың 10 маусымына дейін жарамды болады.

Ұлттық банк төрағасы түрлі сарапшылардың «ЭКСПО көрмесі біткеннен кейін доллар өседі» деген болжамдарын жоққа шығарды. Осы айда теңге 2 пайызға нығайды. Бұл нарықтық жолмен реттелгенін айта кету керек. Ұлттық банк жалпы валюта саудасының 11 пайызынан аспайтын көлемде бір рет қана интервенция жасаған.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк Төрағасы:

- Сарапшылардың болжамы теріс болды. Енді олар өз пікірлерін өзгертіп, теңге бағамы 330-дан жоғары болады деп болжам айтуда. Ал теңгенің нығайған себебі Қазақстанға экспорттан түсетін пайданың көлемі артты.