07:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 143
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Алматы облысында алдағы 7 жылда 80 энергетикалық нысан салынады

Алматы облысында алдағы 7 жылда 80 энергетикалық нысан салынады

Алматы облысында электр қуатының тапшылығы талайдан бері айтылып келе жатыр.

Аймақ өзіне қажетті қуаттың 60 пайыздан сәл-ақ астамын өндіреді. Басқасын сырттан сатып алады. Сондықтан Жетісу өңірінде электрдің тарифі елдің өзге аймақтарына қарағанда қымбат. Мәселені шешу үшін облыста баламалы энергетикаға басымдық беріліп, жаңа жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Алматы облысы 3 млрд киловатт-сағаттан астам электр қуатын пайдаланады. Оның өзі жыл сайын 120 млн киловатт-сағатқа артып отыр. Өңірдегі электр стансалары мұндай көлемдегі қуатты өндіруге қауқарсыз. Сондықтан тұтыну көлемінің 40 пайызы көршілес Қырғызстан мен Жамбыл және Павлодар облыстарынан сатып алынады.

Тапшылықты жою үшін баламалы қуат көздерін көбейтуге бағытталған арнайы бағдарлама жасалған. Кейінгі екі жылда 5 жоба іске асырылды. Солардың бірі – 28 мегаватт электр қуатын өндіретін Қора су-электр стансасы. Пайдалануға берілгеніне бір айдан енді ғана асты.

Виталий Борисенко, Қора ГЭС-інің басшысы:

- Мұнда біздің операторымыз отырады. Мұны кәсіпорынның басқару орталығы деуге болады. ГЭС-ті жалғыз адам басқарады. Қалған жұмыстың барлығы автоматты түрде атқарылады. Экологиямыз өте таза. Қандай су алсақ, сондай суды өзенге қайта жібереміз.

Тілеуқабыл Мыңжасар, тілші:

- Қазір облыста 20 шағын су-электр стансасы жұмыс істеп тұр. Солардың бірі – Текелідегі Қора су-электр стансасы. Қуаты жөнінен Мойнақтан кейінгі екінші орында. 2025 жылға дейін тағы да 40 су-электр стансасы іске қосылады деп жоспарлануда.

Өңірде желден, күннен, тіпті малдың қиынан қуат өндіретін шағын стансалар салуға да ықылас артып отыр. Алдағы екі жылдың ішінде 11 жел электр стансасы, 3 күн электр стансасы және 1 биоэлектр стансасы салынбақ.

Нұрлан Шаяхметов, Алматы облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- Екінші кезеңі бойынша 2020-2025 жыл аралығында 46 нысан іске қосылатын болады. Оның 25-і ГЭС, 11-і жел электр стансасы және 10-ы күн электр стансасы болады.

Жалпы алдағы 7 жылдың ішінде Жетісу аймағында 80 энергетикалық нысан салынады. «Сол кезде облыс өзіне қажетті электр қуатын толықтай өзі өндіре алатын жағдайға жетеді», – дейді сарапшылар.

Авторлары: Тілеуқабыл Мыңжасар, Қуаныш Түргенбаев